• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 18 Тамыз, 2024

Қыркүйекте Қостанай облысында аң аулау маусымы басталады

93 рет
көрсетілді

Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мекемесінің бөлімі аң аулау мерзімінің басталауына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz ақпарат агенттігі.

Кazinform жазғандай, тиісті жолдамаларды алуға өтінімдер берілген, олардың арасында шетелдік аңшылар да бар.

Атап айтқанда, күзгі әуесқой (спорттық) аңшылықтың мерзімі белгілі болды. Сонымен, бөденені 2024 жылғы 20 тамыздан 30 қарашаға дейін, ал қаз және үйректі аулау 31 тамыздан 30 қарашаға дейін белгіленді.

Борсық аулауға берілетін жолдама 1 қыркүйектен 15 қарашаға дейін, шілге – 7 қыркүйектен 30 қарашаға дейін, қабанға 7 қыркүйектен 31 желтоқсаны аралығында, елік пен бұланға - 15 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін, сондай-ақ қарсақ, түлкі, қоянға жолдама 1 қарашадан 2025 жылдың 15 ақпанына дейінгі аралыққа берілді.

«2024 жылы жергілікті аңшылардан басқа Еуропадан 36 және Ресейден 16 аңшы елік аулауға өтініш берді», - делінген аталған мекеме ақпаратында.

Қостанай облысында 109 аңшылық шаруашылығы бар. Аңшы бір шаруа қожалығына рұқсат алса, басқасының аумағында аң аулай алмайды. Сондай-ақ маусым басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін аң аулауға тыйым салынған.