Конго Демократиялық Республикасында маймыл шешегінен қайтыс болғандар саны 548-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Конгода 2023 жылдан бері жұқпалы вирустан мыңнан астам тұрғын көз жұмған.
Айта кетсек, бүгінге дейін бұл инфекция «Қара құрлықтың» 12 мемлекетінде анықталды.
Осы ретте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше жағдай жариялады.
Дегенмен Біріккен Ұлттар Ұйымының мәлімдеуінше, әзірге әлем мемлекеттері арасында шекараларды жауып, сапарларды шектеуге ешқандай негіз жоқ.
Айта кетейік, маймыл шешегі алғаш рет Пәкістанда тіркелген.