• RUB:
    5.35
  • USD:
    478.74
  • EUR:
    528.24
Басты сайтқа өту
Олимпиада Бүгін, 11:07

Олимпиаданың күміс жүлдегері Нариман Құрбановқа қос пәтер табысталды

39 рет
көрсетілді

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Париж Олимпиадасының жүлдегерлері және жаттықтырушыларымен кездесіп, бағалы сыйлықтар табыстады, деп жазады Egemen.kz.

Бұл қатарда Олимпиаданың күміс жүлдегері – гимнаст Нариман Құрбанов, қола жүлде иегері – дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев, боксшы Назым Қызайбай және  мергендер Александра Ле мен Ислам Сәтбаев бар.

«Ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен алматылық спортшылардың Қазақстан қоржынына көп медаль салғаны қуантады. Таланттарыңыздың, табандылығыңыздың және еңбекқорлығыңыздың арқасында сіздер маңызды да тарихи жеңіске қол жеткізіп, халықтың ыстық ықыласына ие болдыңыздар, әлемдік спорттың дамуына үлес қостыңыздар», деді Ерболат Досаев.

Әкімдік Нариман Құрбановқа екі бөлмелі, Ғұсман Қырғызбаевқа, Назым Қызайбайға, Александра Ле мен Ислам Сәтбаевқа бір бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады.

Сондай-ақ Нариман Құрбановқа демеушілердің атынан тағы бір бөлмелі пәтер берілді.

Сондай-ақ осы кездесуге келген барлық спортшыға 5 және 4 миллион теңгеден ақшалай сертификаттар мен автокөлік сыйға берілді.