• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 20 Тамыз, 2024

Елдегі ең жас әкім жаңа қызметке тағайындалды

425 рет
көрсетілді

Қазақстан Президенті Әкімшілігінің келісімімен және СҚО әкімінің өкімімен Жүсіп Жұмағұлов Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Жаңа лауазымда ол ішкі саясат, мәдениет, білім, дін және жұмыспен қамту мәселелеріне жетекшілік етеді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жүсіп Жұмағұлов 1992 жылы 30 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген. Ол Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтын (KIMEP), Maqsut Narikbayev University (MNU) және Назарбаев Университетін бітірген, Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасында қоғамдық қызметкер ретінде бастады. 2016 жылдан 2019 жылға дейін «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ басшысының орынбасары және елорданың қоғамдық даму істері басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2020 жылы Астана әкімі аппараты басшысының орынбасары болды. 2022 жылдың ақпан айынан бастап Сарыарқа ауданының әкімі, ал 2023 жылдың сәуір айында Астана қаласы Нұра ауданының әкімі болып тағайындалды.