Иорданияның Амман қаласында күрестен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның екі балуаны күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Грек-рим күресінен 51 келі салмақта финалға шыққан Алпамыс Болатұлы америкалық Джейден Рэйниден 5:7 есебімен ұтылып, күміске қол жеткізді.
80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Еркебұлан Анапия финалда нейтралды спортшы Михаил Шкариннен 0:3 есебімен ұтылып, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Ал 48 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдескен Едіге Төлеутаев әзербайжандық Амрах Амраховтан 1:3 есебімен ұтылды.