• RUB:
    5.21
  • USD:
    476.81
  • EUR:
    528.4
Басты сайтқа өту
Мәдениет Бүгін, 14:45

Қазақстан студенті әлем чемпионатында бірден 7 жүлдеге ие болды

38 рет
көрсетілді

Алматыдағы Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінің студенті Әлихан Нұржауов WCOPA2024 орындаушылық өнерден әлем чемпионатында бірден 7 жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Голливудта өткен байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен талантты орындаушылар қатысқан.

Әлихан «актерлік өнер» және «моделинг» номинациялары бойынша өнер көрсеткен. Нәтижесінде ол үш алтын және үш күміс медаль жеңіп алды. Оған қоса Қазақстан студентіне кәсібилігі мен шеберлігін растайтын арнайы орден табысталған.

Нәтижесінде әлемдік модельдердің үштігіне енген Әлихан енді әйгілі Versace және Gucci брендтерімен келісімшарт жасасуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Әлихан Нұржауов Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк өнері колледжінде театр және кино актері мамандығы бойынша білім алып жатыр.