• RUB:
    5.21
  • USD:
    476.81
  • EUR:
    528.4
Басты сайтқа өту
Мәдениет Бүгін, 14:54

Душанбеде Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды

41 рет
көрсетілді

Бүгін Душанбеде Қазақстанның Тәжікстандағы Мәдениет күндері аясында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың бюсті салтанатты түрде ашылды, деп жазады Egemen.kz.

Тау тұлғаға арналған ескерткіш Душанбедегі Әбілқасым Фирдауси атындағы мәдениет және демалыс саябағында орнатылған.

Ашылу рәсіміне қатысқан Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бұл шара екі халықтың ынтымақтастығын арттыра түсетінін айтты.

«Бүгінде Қазақстан мен Тәжікстанды Мемлекет басшыларының достық пен өзара сенімге негізделген күш-жігері ғана біріктіріп отырған жоқ. Тәжікстан астанасы да қазақ халқының даңқты перзентінің тұлғасы тұғырға қонған әлем астаналарының біріне айналады. Бастысы, бұл қадам екі ел өміріндегі маңызды оқиға болуымен қатар, қос халықты жақындастыра түсетін рухани және мәдени байланыстарға тың серпін берері сөзсіз», деді Аида Балаева.