• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Медицина 21 Тамыз, 2024

Мамандар әуежайда маймыл шешегін жұқтырғандарды анықтау дайындығын пысықтады

86 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық қызметі Астана және Алматы халықаралық әуежайларында маймыл шешегі сияқты карантиндік және аса қауіпті инфекция белгілері бар адамдарды анықтау бойынша оқу-жаттығу өткізді, деп жазады Egemen.kz. 

Оқу-жаттығу кезінде санитариялық-эпидемиологиялық, шекаралық, кедендік, сондай-ақ әуежай, желілік полиция бөлімі, әуежайдың медициналық пункті, жедел медициналық көмек және медициналық ұйымдардың өзара іс-қимылы пысықталды.

Оқу-жаттығу барысында шартты түрдегі маймыл шешегін жұқтырған науқас анықталды. Персонал жолаушыдан  ауру белгілерін анықтаудан бастап оны ауруханаға жатқызуға және қажетті эпидемияға қарсы және дезинфекциялық шараларды жүргізуге дейінгі іс-шаралардың толық циклін өткізді.

Шара нәтижесінде семинар-кеңес өткізіліп, онда әр қызметтің іс-қимылы талқыланып, мекемелердің өзара іс-қимылын күшейту бойынша ұсыныстар енгізілді.