«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» ММ Түркістан көшесі бойынша Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осыған байланысты тамыздың 21-25 аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы Алматы көшесінен Сығанақ көшесіне қарай бір бағытта ұйымдастырылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.