Кеше, 20 тамызда ҰБТ қорытындысы бойынша жоғары балл жинап, бірақ грантқа түспеген бірінші талапкер Ғылым және жоғары білім министрлігіне әкімшілік шағым түсірді. Бұл туралы адвокат Халида Әжіғұлова Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Құқық қорғаушының айтуынша, грантсыз қалған 200-ге жуық талапкер өз құқықтарын қорғауды сұрап, көмек сұраған.
«Өкінішке қарай, министрлік өз қатесін әлі мойындамай отыр, заңнаманы бұзып ТЖ квотасын рұқсатсыз енгізуге құқылымыз деп санайды. Бірақ министрлік өз күшімен жеңіп тұрған гранттарынан заңсыз айырылған талапкерлерді үнемі көзге ілмей жүре бере алмайды. Грант үшін жылдар бойы еңбек еткен балалардың құқығын шектеп, тасқыннан зардап шеккен басқа балаларға көмектесуге болмайды. Басқаның есебінен қайырымдылық жасауға болмайды. Менің ойымша, үміткерлер өздерінің құқықтарын қорғауға және оларға тең дәрежеде лайықты мемлекеттік гранттар беруді талап етуге толық құқылы деп санаймын. Үміткерлер әділетсіздіктен зардап шекті деп есептеймін. Енді мұндай әділетсіздікке не себеп болғанын анықтау маңызды: шенеуніктердің қабілетсіздігі немесе заңнамадағы олқылықтар», деп жазды Халида Әжіғұлова.
Заңгер ҰБТ нәтижелері бойынша жоғары балл жинаған кейбір түлектер биыл жоғары білім алу мүмкіндігінен айырылғанын атап өтті. Сондай-ақ университеттер жоғары балл алғанына қарамастан кейбір балаларға ішкі гранттарды беруден бас тартқанын тілге тиек етті.