Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде қысқа юбка киюге тыйым салу туралы жақында басталған петицияға түсініктеме берді. Оның айтуынша, мектеп формасына қатысты белгілі бір ережелер мен талаптар бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Министр оқушыларға мектеп формасының талаптарын сақтауға шақырды.
- Әр ата-ана мен оқушы мектепке сапалы білім алып, жетістікке жету үшін келетінімізді түсінуі керек. Сондықтан басты мақсатты басқа мақсатпен шатастырмау керек. Петиция туралы айтар болсақ, мектеп формасына қатысты белгілі бір ережелер мен талаптар бар. Оқушылар осы ережелерді сақтауы керек, – деді Бейсембаев.
Мектеп формасы туралы ережеде белдемшенің ұзындығы туралы нақты ақпараттың жоқ екенін айтты журналистер.