18 тамыз күні Қостанай облысының Б.Майлин ауданы, Козыревка ауылында бір ересек ер адам мен 8 жастағы бала абайсызда Тобыл өзеніне түсіп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ер адам өзеннен өзі шыққанымен, 8 жастағы бүлдіршінді ағыс алып кеткен.
«Қостанай облысының ТЖД құтқарушылары 8 жастағы баланың мәйітін Тобыл өзенінен тауып, алып шықты. Іздеу жұмыстары бес күн бойы жүргізілді», деді Б.Майлин ауданының Төтенше жағдайлар жөніндегі бөлім басшысы Дмитрий Жданов.
Баланы іздеуге ТЖМ құтқарушылары, полиция, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер тартылған. Сондай-ақ жүзу және ұшу аппараттары қолданылған.