Бүгін Парижде өтетін XVII жазғы Паралимпиадаға қатысатын ел спортшыларының алғашқы легі аттанды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Бұл қатарда волейболды отырып ойнау, пара үстел теннисі, пара жүзу құрамалары бар.
Биыл Париж Паралимпиадасына волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама 28 жылдан кейін жүлдеге таласады.
Ал пара үстел теннисінен Қазақстан құрамасы алғаш рет Паралимпиада жолдамасын жеңіп алды.
Пара жүзу спортшылары арасында Лондон-2012 Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина, Токио Паралимпиадасының қола жүлдегері Нұрдәулет Жұмағали және халықаралық жарыстардың жүлдегерлері Сиязбек Дәлиев пен Амир Мұратбеков бар.
Айта кетейік, Паралимпиададан Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрінен 33 лицензия иеленген. Паралимпиадашылар Париж төрінде 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында бақ сынайды.