• RUB:
    5.28
  • USD:
    482.78
  • EUR:
    536.66
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 19:07

«Үздік педагог»: Байқаудың қалалық кезеңіне құжат қабылдау қашан басталады

17 рет
көрсетілді

Конкурсқа мектепке дейінгі, орта, арнайы, мамандандырылған, қосымша және техникалық, кәсіптік білім беру ұйымдарының меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан штаттағы және құжаттарды тапсыру кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық өтілі бар педагогтер қатыса алады, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 29 тамызынан 5 қыркүйегіне дейін жалғасады. Байқау туралы толығырақ ақпаратты https://astana-modern.kz/  сайтынан қарауға болады.

Конкурсқа қатысушы үміткерді, яғни қатысуға өтінімдерді қабылдау, тіркеу, конкурс құжаттарын тапсыру, бағалау https://uzdikustaz-nobd.edu.kz/#/sign-in  веб-порталында жүзеге асырылады.

Байқауға қатысушы педагогтің білім саласын дамытуға қосқан үлесі, ұстаз қызметінің тиімділігі мен оның кәсіби шеберлігі ескеріледі. «Үздік педагог» атағын беру қағидаларына сәйкес ең жоғары балл жинаған педагогтер жеңімпаз атанып, конкурстың республикалық кезеңіне қатысуға мүмкіндік алады.