• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Үкімет 24 Тамыз, 2024

Маңызы бөлек көптомдық

58 рет
көрсетілді

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Әлкей Марғұлан атындағы Археология институтында «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты жаңа академиялық басылым­ның редакциялық алқа жетекшілерімен және мүшелерімен кездесті.

Жиында Мемлекеттік кеңес­шіге Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки және томдардың жетекшілері мен редакторлары – Ә.Марғұлан атындағы Археология институтының директоры Ақан Оңғар, Ш.Уәли­ханов атындағы Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері Болат Көмеков, Жошы Ұлысын зерттеу институтының директоры Жақсылық Сәбитов, Р.Сүлей­менов атындағы Шығыс­тану институты жанындағы Тарихи материалдарды зерт­теу республикалық ақпарат­тық орталығының директоры Меруерт Әбусейітова, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бас директоры Зиябек Қабыл­динов, Ш.Уәлиханов атын­дағы Тарих және этнология инс­ти­туты бас дирек­торы­ның орынбасары Шамек Тілеубаев, Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары Бүркітбай Аяған ғылыми басылымның дайындалу барысы туралы баяндады.

Талқылауға Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сон­дай-ақ республикалық және аймақтық архивтер мен музей­лердің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Ерлан Қарин көптомдықтың мазмұ­нын рес­публикалық және өлкетану музей­лерінен алынған сапа­лы ғы­лыми көрнекі материал­дар­­мен, тарихи карталармен, архив құжаттарының фотокөшір­ме­лері­мен және басқа да құжат­тар­мен толықтыру қажет екенін айтты.

Жиын соңында Мемлекеттік кеңесші барлық мектеп және университет бағдарламаларына, оқулықтар мен оқу құралдарына арқау болатын Қазақстан тарихы академиялық басылымының маңызын ерекше атап өтті.