• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Тамыз, 2024

Әр тұрғынның пікірі ескеріледі

52 рет
көрсетілді

Сенат депутаты Сергей Карплюк Рудный қаласына барып, шаһардың жылу маусымына дайындық барысымен танысты. Биыл мұнда жылу желілеріндегі жұмыс көлемі айтарлықтай артқан. Жаңартылған магистралдық желілердің ұзындығы 18 км-ді құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 км-ге артық.

Атқарылған жұмыстың нәтижесінде кейінгі екі жылда магистралдық жылу желі­лерінің тозу деңгейі 31 пайызға, ал тоқсандық желі­лердің тозу деңгейі 66 пайызға дейін төмендеді. Сапар аясында депутат салы­нып жатқан екі спорт кешені мен 900 және 1 200 орын­дық мектептердің құры­лыс алаңына барды. Сондай-ақ тұрғын үйлерді қалпына келтіру бағытындағы жұмыстармен де танысты.

Сонымен қатар сенатор Әулиекөл ауданының тұрғындарымен және аудандық мәслихат депутаттарымен кездесті. Іс-шара барысында аудан инфрақұрылымын дамыту, мемлекеттік сатып алу мәселелері, ауыл шаруа­шы­лығын субсидиялау, салық салу, шағын және орта биз­нес­ті қолдау және халықты тегін меди­циналық көмекпен қамта­масыз ету мәселелері талқыланды.

«Сапарымыздың басты мақсаты – өңірлердегі өзекті проблемаларды көзімізбен көріп, оларды жергілікті тұрғын­дармен ашық талқылап, шешу жолдарын қарастыру. Барлық мәселені депутаттық қызметте ескереміз. Қажет болған жағдайда заңнамаға өзгерістер енгізілуі де мүмкін. Ең бастысы, бұл үдерісте әр тұр­ғынның пікірін ескеру ма­ңызды», деді Сергей Каплюк.

Сондай-ақ депутат мектепті қайта қалпына келтіру жұ­мыс­тарының жай-күйіне назар аударды. Одан бөлек, Аман­қарағай ауылындағы ауылдық мәдениет үйі мен балалар жазғы лагеріне және Әулиекөл ауылындағы жаңа балабақшаға барды.

Сенатордың Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарымен кездесуінде ауыл шаруашылығын субсидия­­лау және көлік инфрақұры­лы­мын жетілдіру мәселелері талқыланды. Ал облыстық бадминтон федерациясының өкілдерімен жүздесуде сала мамандары спортшыларды даярлау сапасы мен спорт залдарын материалдық-техника­лық жабдықтау бағытындағы басымдықтарға тоқталды.