• RUB:
    5.28
  • USD:
    482.78
  • EUR:
    536.66
Басты сайтқа өту
Экономика Бүгін, 12:25

ҚТЖ Қытайдан Қазақстанға автомобиль тасымалдай бастады

29 рет
көрсетілді

"Қазақстан Теміржолы" ұлттық компаниясы Қытайдан Қазақстанға автомобиль тасымалдауды жүзеге асыруда, деп жазады Egemen.kz.

ҚТЖ Қытайдан Қазақстанға автомобиль тасымалдай бастадыФото: kt.kz

- Биылғы 23 тамызда Алтынкөл станциясында Қытайдан жеткізілген автомобильдердің ірі партиясы сәтті қабылданды. Осы тасымалдау шеңберінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы автоторларға орналастырылған 280 автомобиль жеткізіледі, – деп жазды ұлттық компаниядан.

Бұдан әрі автомобильдер соңғы нүктеге – Алматы қаласына дейін жеткізіліп, логистикалық тізбек аяқталады.