• RUB:
    5.28
  • USD:
    482.78
  • EUR:
    536.66
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 13:03

Астанада Сығанақ көшесі уақытша жабылды

22 рет
көрсетілді

Сығанақ көшесінің учаскесі ішінара жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

- Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Айтматов көшесінен бастап Тұран даңғылына дейінгі учаскеде Сығанақ көшесінің сол жақ жол төсемінің үстіңгі қабатын салу бойынша жұмыстар жүргізілетінін мәлімдеді, дейді жергілікті әкімдік.

Осыған байланысты 24-26 тамыз аралығында жоғарыда көрсетілген учаске ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс жолдың оң жағымен екі бағытта қамтамасыз етіледі, – деп толықтырды ведомство.

Қала тұрғындары мен қонақтары жолдардағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауы керек.