• RUB:
    5.24
  • USD:
    477.13
  • EUR:
    525.85
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Тамыз, 2024

«Ордабасы» - «Ақтөбе» жанкүйерлері жаппай төбелескен

79 рет
көрсетілді

25 тамыз күні Шымкенттегі «Қажымұқан» стадионында Қазақстан Премьер - лигасының 18 - турнирі аясында «Ордабасы» - «Ақтөбе» матчы өтті, деп жазады Egemen.kz.

Кездесу тең 1: 1 нәтижесімен аяқталды. 

Есепті бірінші болып ақтөбелік команда сапынан 13-минутта Хосе Севальос ашты. Шымкенттік команда ойыншысы Шахбоз Умаров 72-минутта есепті теңестірді. 

Матч басталар алдында жанкүйерлер арасында жаппай жанжал туып, арты төбелеске айналған. 

«Ақтөбе» фанаттары алғашқы таймда Дорни Ромероның голын тіркемеген төреші Бағдат Абдуллаевқа да наразылығын білдірген. 

БАҚ беттерінде жанжалға қатысқан бірнеше адамды полиция ұстап алып кеткені туралы ақпарат тарады.