ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында, Жетісу облысында дін істері басқармасының қолдауымен, бекітілген жоспар бойынша, 2024 жылдың 19-23 тамыз аралығында дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (бұдан әрі – РАТТ) мүшелері қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл іс-шараларға РАТТ мүшелері (теологтар, дінтанушылар) қатысады:
Тунгатова Улжан Аскарбаевна – Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, дінтанушы; Асқарбекқызы Балқынай – Жетісу облысы, Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімі, дінтанушы-психолог; Қаңтарбаева Жанна Орынбасарқызы – Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ аға оқытушысы, философия ғылымы кандидаты; Кеңесбаева Айша Аманқызы – Алматы қаласы, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің исламтанушысы, журналист.2024 жылғы 19-23 тамыз аралығында іс-шараларды ұйымдастыру барысында, Панфилов (Жаркент), Сарқан, Алакөл, Кербұлақ аудандары мен Талдықорған қаласы тұрғындарымен, мешіттегі әйел жамағатымен, ұстаздармен, жастармен, емхана және әкімшілік қызметкерлерімен және т.б. «Ұлттық құндылықтар - ұлт қазынасы», «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға қауіптілігі», «Қазақстан Республикасындағы жалпы білім берудің зайырлы сипаты», ««Жастар арасындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» және т.б.тақырыптар аясында кездесулер өткізілді.