Кирилл Кекер шымкенттік «Ордабасы» командасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
45 жастағы маман жаңа командамен маусым соңына дейін келісімшартқа қол қойды. Жаңа бапкер команда ойыншыларымен жақын арада өтетін жаттығуда танысады. Осыған дейін Кекер алматылық «Қайраттың» бас бапкері болған.
Еске салайық, бұған дейін «Ордабасының» бас бапкері қызметінен кеткенін хабарлаған едік. Кейінірек команданың бас бапкері міндетін Александр Кучма атқаратыны айтылған еді.