Қала мен аудандарда жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылатын «Мектепке жол» акциясы өтіп, балаларды қуантуға асыққан демеушілер тарапынан көмек көрсетіліп жатыр.
Қызылорда қаласында оқу құралдары мен мектеп формалары базар бағасынан арзанға сатылатын алаңдар ашылған. Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, облыс орталығындағы 57 мектептегі 1 444 оқушыға сөмке, оқу құралдары, спорттық киімдер алып берілген. Кейбір отбасыларға қаржылай көмек көрсетіліпті.
Акцияның алғашқы легінде Қазалы ауданындағы әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 100 балаға мектепке қажетті оқу құралдары салынған сөмке табыс етілді. Жалпы, қайырымдылық науқаны аясында ауданда 250-ден астам оқушыға оқу құралдары үлестіріледі деп жоспарланып отыр.
Қайырымдылық акциясынан «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ да қалыс қалған жоқ. Мекемедегі жас мамандар кеңесінің бастамасымен мектеп керек-жарақтарын сатып алуға қаражат жиналып, жаңақорғандық оқушыларға 50 сөмке таратылып берілді.
Қызылорда