26 тамызда Португалияда жер сілкінісі болды. Әлеуметтік желіге сүйенсек, зілзаланы Порту, сондай-ақ Испания мен Марокко тұрғындары сезген. Португалия теңіз және атмосфера институтының (IPMA) мәліметтері бойынша жер сілкінісінің магнитудасы 5,3 балды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Португалия үкіметінің хабарлауынша, жер сілкінісі елдің табиғи апаттарға дайындығын тексеруге мүмкіндік берді.
«Бұл табиғи апат біздің қажетті құралдарымыздың, дайындығымыздың бар-жоғын түсіндіреді. Сондай-ақ дайындықты тексеруге мүмкіндік береді», деді Португалия СІМ басшысы Паулу Рангел.
Дүмпулер таңғы 5-те тіркелді, олардың эпицентрі Синиш қаласынан батысқа қарай 58 км жерде, теңізде 21 км тереңдікте болды.
Португалия теңіз және атмосфера институтының (IPMA) мәлімдемесінде жер сілкінісі адамдарға және олардың мүлкіне зиян тигізбеді делінген.