• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Әлем 28 Тамыз, 2024

Африкада маймыл шешегін жұқтырғандар саны 22,8 мыңға жетті

72 рет
көрсетілді

2024 жылдың басынан бері африкалық елдерде mpox («эмпокс» — маймыл шешегінің жаңа атауы) ауруларының саны 22,8 мыңға жетті. Бұл туралы Африка Одағының медициналық қызметі – Африканың ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Анықталғандай, жыл басынан бері Африкада 622 адам инфекциядан қайтыс болған. Сондай-ақ соңғы аптада ауру саны 200%-ға өскені белгілі болды. Бұл індеттің ошағы Конго Демократиялық Республикасы (КДР) болып саналады.

Аурудан ең көп зардап шегетін жас тобы - 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер.

Қазір континентте mpox таралуына байланысты төтенше жағдай жарияланып, Африканың 18 елінде ауруды жұқтырғандар анықталған. 14 тамызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Африкадағы mpox індеті халықаралық алаңдаушылық тудыратын төтенше жағдай деп жариялады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегін анықтауға арналған ПТР сынақтары сатып алынғанын мәлімдеген болатын. Бұл ретте Денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Нұрлыбаев Қазақстанда маймыл індетінің пайда болу ықтималдығы аз екенін атап өтті.

Бұған дейін, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің м. а. «Қазақстанда маймыл шешегінің әкелінуі мен таралуының алдын алу бойынша санитарлық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу туралы» 2024 жылғы 26 тамыздағы қаулыға қол қойған еді.