ТЖМ құтқарушылары құдыққа құлап кеткен он жастағы баланы құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгін Қарағанды қаласы Ә.Бөкейханов ауданы К. Цеткин көшесі бойында 2014 жылы туған бала абайсызда ашық құдыққа құлап, өздігінен шыға алмады.Құтқарушылар баспалдақтың көмегімен жасөспірімді құдықтан аман-есен шығарды, оған медициналық көмек қажет болмады.