• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Тамыз, 2024

Құмар ойындарға қарсы құжат

115 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының құмар ойындардан келер қауіп-қатерлердің алдын алу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында салааралық кездесу өтті. Қаржылық мониторинг агенттігінің бастамасымен ұйымдастырылған басқосуда заңсыз онлайн құмар ойындарға, лудоманияға қарсы күрес мәселелері талқыланды.

Кездесуге Қаржы нары­ғын реттеу және дамыту агент­тігінің төрағасы Мадина Әбіл­қасымова, Қаржы министрі Мәди Такиев, Туризм және спорт министрі Ермек Мар­жықпаев, Ұлттық банк төр­ағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов, Мәде­ниет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов қатысты.

Жиынды ашқан агенттік төрағасы Дмитрий Малахов қолданыстағы заңнамада құмар ойындар мен лотерея қызметін реттеуге бағыт­талған бірқатар шара­ның қарас­тырылғанын атап өтті. Алайда онлайн ойын­құмар­лық қоғамда әлі де өзектілігін жойған жоқ.

Өткен жылы агенттік Мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, TikTok-та жаппай карта ойындарын ұйымдастырудың алдын алған еді. Нәтижесінде, 300-ден аса ұйымдастырушы аккаунты анықталып, құқыққа қайшы контенттің эфирін жедел түрде бұғаттауға мүм­кіндік беретін жасанды интеллект енгізілген болатын. Қазіргі уақытта Instagram-дағы заңсыз лотереяларды ұйымдастырушыларға қарсы жұмыс жүргізіліп келеді.

Сала басшысы агент­тік азаматтарды заңсыз лоте­реяларға тартатын адамдарды анықтауда Мәдениет және спорт министрлігіне көмек көрсетуге, сондай-ақ төленбеген салықтарды қосымша есептеу үшін Мем­лекеттік кірістер коми­тетіне ақпарат ұсынуға дайын екенін мәлімдеді.

Бүгінде онлайн-казино­ларға қарсы күрес бойынша ауқымды әрі жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Жыл ба­сынан бері 6 мыңнан аса заң­сыз сайт бұғатталып, көшір­мелері тәулік ішінде жойыл­ды. Мамандардың айтуын­ша, заңсыз онлайн-құмар ойын­дарға қарсы күресте олардың қаржылық операцияларын тоқтату маңызды. «Шетелдік ұйымдастырушылар қазақ­стандық ойыншылардан тікелей ақша қабылдай алмайды, сондықтан олар жергілікті төлем ұйымдары мен банктерді пайдаланады. Алайда құмар ойындар туралы жаңа заң күшіне енгеннен кейін интернет-казиноға жасалатын транзакциялар шектеледі. Ал банк­тер мен төлем ұйымдары көмек көрсеткені үшін жауап­кершілікке тартылады», дейді агенттік өкілдері.

Бұл мәселе бойынша ҚМА, Туризм және спорт министрлігі, Ұлттық банк бірлесіп жұмыс істеп, заңсыз ақша аударымдарын анықтап, бұғаттауды жүзеге асырады.

Жиын соңында қа­тысу­шылар құмар ойын­дарға патологиялық тәуелділік­тен жас ұрпақты қорғауға бағыт­талған шаралар мен іс-қимыл алгоритмін қамтитын ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.