Парижде 17-ші жазғы Паралимпиада ойындары ресми түрде басталды. Бүгін жарыс жолына екі спортшымыз шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пара таеквондо жеребесі бойынша Камила Досмалова 1/4 финалда параойындар жеңімпаздары Джульетта Мойпо (Кения) және Мария Мицевқа (Сербия) қарсы шығады.
Пара жеңіл атлетикада Салтанат Әбілқасымқызы 100 метрге жүгіру бойынша өнер көрсетеді.