• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Теннис 30 Тамыз, 2024

Елена Рыбакина US Open-2024 турнирін жалғастырудан бас тартты

95 рет
көрсетілді

Қазақстан намысын қорғаған әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина чемпионаттың екінші айналымында Францияның 27 жастағы өкілі  Джессика Поншемен кортқа шығуы керек еді. Алайда ойынға бір сағат қалғанда спортшы өз жарақатына байланысты жарысқа қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жарақаттарыма байланысты бас тартуға мәжбүр болдым. Осы маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» турнирін осылай аяқтағым келмеген еді. Алайда денсаулығыма қарауым керек болды. Жыл соңындағы жарыстарды сәтті өткіземін деп ойлаймын. Мені қолдаған және қолдап жатқан барлық жанкүйерлеріме  алғыс білдіремін. Ал қалған ойыншыларға сәттілік тілеймін», деді Елена Рыбакина. 

Еске сала кетейік, Елена Рыбакина Уимблдон турнирінен кейін бронхитпен ауырып, дәрігерлер оған кортқа шығуға тыйым салғанын айтып, биыл Парижде өткен Олимпиада ойындарынан бас тартқан еді.