Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР» – 2024 ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау уақыты 10 қыркүйекке дейін ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетейік, конкурстық жұмыстар 2023 жылдың 7 тамызы мен 2024 жылдың 11 тамызы аралығында республикалық, өңірлік және халықаралық баспа және интернет-басылымдарда жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына қатыса алады.
Өтінімдер urker-awards.kz ресми сайтында 12 номинация бойынша қабылданады:
Жылдың үздік сұхбаты; Жылдың үздік репортажы; Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал; Жылдың үздік журналистік зерттеуі; Жылдың үздік аналитикалық материалы; Жылдың үздік жаңалықтар порталы; Радиостанциядағы үздік жоба; Жылдың үздік фотосуреті; Үздік өңірлік БАҚ; Халықаралық БАҚ-та Қазақстан туралы жарияланған үздік материал (баспа, радио, интернет-журналистика саласында); Үздік подкаст; Үздік YouTube каналы.Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпазына «ҮРКЕР» - 2024 естелік мүсіншесі мен 1 000 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы табысталады.«URKER» - баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.