• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Тамыз, 2024

Ерлан Қарин: Жаңарған Ата заң мемлекетіміздің дамуына зор ықпал етті

161 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Telegram арнасында Конституция күнінің маңыздылығына тоқталды, деп жазады Egemen.kz.

«Бүгін еліміз Конституция күнін атап өтіп жатыр. 2022 жылы Ата заңға маңызды өзгерістер енгізілді. Әділдік қағидатына негізделген бұл түзетулер бүкіл қоғамның мүддесін ескере отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейте түсуге жол ашты. Конституциялық реформаның басты жаңалығы – Президент жеті жылдық мерзімге бір рет қана сайланатын болды, Парламенттің ықпалы күшейді. Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты аралас сайлау жүйесі енгізілді. Жаңа институт – Конституциялық Сот құрылды, адам құқықтарын қорғау тетіктері айтарлықтай күшейтілді. Реформаның нәтижесінде бүкіл саяси жүйенің жұмысы жаңғыртылды, елімізде ауқымды әрі терең институционалдық өзгерістер жасалды», деп жазды Ерлан Қарин.

Оның айтуынша, нәтижесінде бүкіл саяси жүйе қайта жаңғыртылып, елде терең және ауқымды институционалдық өзгерістер болған.

«2022 жылғы конституциялық реформадан туындайтын негізгі бастаманың бірі ретінде «Ұлттық қор – балаларға» жобасын атап өтуге болады. Жалпы, осы өзгерістерден кейін екі жыл өтті. Бүгінде біз жаңарған Ата заң мемлекетіміздің дамуына зор ықпал етті деп нық сеніммен айта аламыз», деп қорытындылады Ерлан Қарин.