• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 31 Тамыз, 2024

Үйден өрт шыққан кезде не істеу керек?

107 рет
көрсетілді

Төтенше жағдайлар министрлігі үйден өрт шыққан кезде не істеу керегін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үйде өрт шыққан жағдайда әрекет ету тәртібі:

Газ беру кранын жабыңыз, электр қуатын өшіріңіз;

Өрттің дамуының бастапқы кезеңінде сіз оны барлық өрт сөндіру құралдарын (өрт сөндіргіштер, төсек жапқыштары, құм, су және т.б.) пайдаланып, сөндіруге тырысыңыз;

Ауа ағыны мен өрттің таралуын болдырмау үшін үйіңіздегі барлық есіктерді жабыңыз;

Үйден шығыңыз, осы жағдайда ең қауіпсіз жолмен жүріңіз;

Егер түтін сіздің үйіңізге еніп кеткен болса, еденге жақын болыңыз: ол жерде әрқашан таза ауа болады.

Аузыңыз бен мұрныңызды дымқыл орамалмен немесе сүлгімен жабыңыз;

Өрт сөндірушілердің рұқсатынсыз үйге оралмаңыз.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.