• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Қыркүйек, 2024

Оралда полиция үш күнде 40-қа жуық жол ережесін бұзған көлік жүргізушісін ұстады

45 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысы аумағында жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында SuncarSmartQorgau жүйесі кеңінен қолданылады, деп жазады Egemen.kz.

Бұл құрылғының көмегімен Ресей Федерациясының мемлекеттік нөмірі көрсетілген Mitsubishi Galant көлігінің жүргізушісі анықталып, ұсталды.

«Ол үш күнде 39 рет жылдамдық режимін арттырған. Айыппұлдың жалпы сомасы — 1 млн теңге.

Көлік арнайы автотұраққа қойылды», — делінген ІІМ таратқан деректе.

Айта кетейік, тексеру кезінде көліктің техникалық талаптарға сай емес екені және өзге де жол ережесін бұзу фактілері анықталды.