• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 03 Қыркүйек, 2024

Астанада жас жігіт ауруханадан алтын жымқырып кеткен

123 рет
көрсетілді

Қала тұрғыны жұмыс орнында алтын бұйымдары жоғалғаны туралы арызбен полицияға жүгінген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаладағы ауруханалардың бірінде техникалық қызметкер ретінде тағылымдамадан өтіп жүрген 20 жастағы жігіт медбикенің сөресінен алтын бұйымдарын ұрлаған. Бұл қылмысты Полиция департаментінің қызметкерлері  анықтаған.

Polisia.kz-тің жазуынша, шығын сомасы 960 мың теңгеден асады. Күдікті қолды қылған заттарды ломбардқа өткізіп жібергенін мойындады. Заттай айғақтар тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.