Бүгін пара жүзуден жарыс жолына шыққан Қазақстанның екі спортшысы финалға шыға алмады, деп жазады Egemen.kz.
Алайда, екі спортшы да резервте бола бермек.
Іріктеу кезеңінде S5 класындағы 50 метрге шалқалап жүзу бойынша жарысқан Сиязбек Далиевтің көрсеткіші 40.14 секундты құрады.
Енді ол 6 қыркүйекте 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде бақ сынайды.
SM13 класында 200 метрге кешенді жүзуден іріктеу кезеңінде жарысқа қатысқан Нұрдәулет Жұмағалидың нәтижесі 2:20.31 секундты көрсетті.
Ол енді 5 қыркүйек күні 100 метрге брасс әдісімен жүзу бойынша жарысады.