• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Заң 04 Қыркүйек, 2024

Депутаттар жаңа Салық кодексін әзірлеуге кірісті

92 рет
көрсетілді

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысы өтіп жатыр. Депутаттар жаңа Салық кодексін әзірлеу жұмыстарын бастап кетті, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы 2 қыркүйек күні халыққа арнаған Жолдауында Салық кодексін сапалы дайындап, Парламент пен Үкіметте жаңа нормаларды ашық талқылау үшін Салық кодексін қабылдауды 2025 жылға шегеруді тапсырған еді.

Осы тапсырманы орындау мақсатында Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті жаңа Салық кодексінің жобасы мен оған ілеспе түзетулерді басшылыққа алды. Депутаттар Президент Жолдауында айтылған салықтық әкімшілендіруді және салық режимдерін оңтайландыру, салық жеңілдіктерін қайта қарау және басқа да бастамаларды жүзеге асыруы тиіс.

Сондай-ақ Мәжіліске 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы енгізілді.