• RUB:
    5.05
  • USD:
    521.81
  • EUR:
    543.67
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Қыркүйек, 2024

Ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беріле ме

100 рет
көрсетілді

Мәжілісмен Аманжол Әлтай пленарлық отырыста әуе компанияларының домбыра аспабын ұшаққа кіргізбеу мәселесі шешілмей жатқанын сынға алды. Көлік министрлігі бұл мәселені түзетуге уәде берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәжілісменнің айтуынша, ұшаққа домбыра алып кіруге тыйым салу - әуе компанияларының ұлттық рәмізге, құндылықтарға деген менсінбеушіліктің көрінісі. Сондай-ақ ол әрбір өнер өкілінің ұшаққа домбыра алып кіруге құқығы болуы керек деп есептейтінін мәлімдеді.

Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев өз жауабында әуе кемелерінің бортында музыкалық аспаптарды тасымалдау олардың көлеміне байланысты екенін еске салды. Кейбір құралдарды заманауи ұшақтардың сөрелеріне қою мүмкін еместігін, сондықтан осындай түсінбеушілік туындайтынын тілге тиек етті.

«Қазіргі күні әуе компанияларымен бірлесіп, осы шаруаны қалай шешуге болады деген мәселе талқыланып жатыр. Керек болған жағдайда жүкті тасымалдау, қол жүгін тасымалдау шарттарына өзгеріс енгізуге дайындалып жатырмыз», деді Сәтжан Аблалиев.