• RUB:
    5.24
  • USD:
    477.13
  • EUR:
    525.85
Басты сайтқа өту
Президент 04 Қыркүйек, 2024

Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады

65 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президентке жаңартылған заңнамаға сай республикалық референдумға дайындық және ұйымдастыру жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Орталық сайлау комиссиясының даму стратегиясын іске асырудың негізгі аспектілері баяндалды.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.