• RUB:
    5.41
  • USD:
    483.57
  • EUR:
    534.49
Басты сайтқа өту
Білім Бүгін, 13:37

Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне 129 талапкер грантқа түсті

33 рет
көрсетілді

2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес 129 талапкер биыл ашылған Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетіне грантқа түсті, деп хабарлайды Egemen.kz Министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, былтыр М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтына түскен 67 талапкерге ғана грант берілген еді.

Айта кетерлігі, Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті биыл Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында құрылды. Білім ордасында «Су шаруашылығы және мелиорация», «Геодезия және картография», «Су шаруашылығындағы гидротехникалық құрылыс», «Сумен қамтамасыз етудің инженерлік желілері», «Су шаруашылығындағы инновациялық технологиялар» және тағы да басқа білім беру бағдарламалары ашылады.

«Университетте ақылы бөлімде оқуға құжат қабылдау жалғасып жатыр. Бұдан бөлек, жоғары оқу орнының материалдық-техникалық базасын жабдықтау және профессор-оқытушылар құрамын тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмысы жүргізілуде», деді ҚР СРИМ Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Мүслім Жиенбаев.