• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Медицина 05 Қыркүйек, 2024

Араб қорлары Қазақстанның медицина саласын қаржыландыруға мүдделі

95 рет
көрсетілді

Араб үйлестіру тобына кіретін төрт халықаралық қаржы институты Қазақстандағы медициналық инфрақұрылымды дамытуға инвестиция салуға дайын екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министрліктің хабарлауынша, екі тарап басым жобаларды қаржыландыру мен ынтымақтастық перспективаларын талқылаған. Соның ішінде Кувейт Араб экономикалық даму қоры өз қаржысын сала отырып, инвестициялық жобаны жүзеге асыруға мүдделі. ОРЕС халықаралық даму қоры таяудағы үш жылда сомасы 2 млрд доллардан асатын, соның ішінде денсаулық сақтау саласындағы жобаларды қаржыландыруға дайын екенін баяндаған.

Сонымен қатар Сауд Арабиялық даму қоры UMC корпоративтік қорының базасында балалар хирургиялық орталығының құрылысын жобаны қосалқы қаржыландыру мүмкіндігін қарастыра отырып салуға қызығушылық танытқаны белгілі болды. Катар даму қоры жыл сайын 2-3 млн сомасына шағын жобаларды қолдауға дайын екенін мәлімдеген.

«Бұл уағдаластықтар біздің алдымыздан денсаулық сақтау жүйесін жаңғыртуға арналған жаңа мүмкіндіктер ашады. Біз қысқа мерзімде жобаларды жүзеге асыра бастауды жоспарлап отырмыз, бұл медициналық қызметтерді Қазақстан халқы үшін анағұрлым қолжетімді ете түсуге мүмкіндік береді», деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Министр Араб үйлестіру тобы қорымен ынтымақтастық - елдің медициналық инфрақұрылымын дамыту мен жаңғырту жолындағы министрліктің тағы бір маңызды қадамы екенін атап өтті.