• RUB:
    5.35
  • USD:
    482.94
  • EUR:
    535.97
Басты сайтқа өту
Тағайындау Бүгін, 11:42

Қазақстанның бірнеше елдегі елшілері ауысты

54 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», делінген.

Сондай-ақ Президент Жарлығымен Сергей Нұртайұлы Нұртаев ҚР Швеция Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР Дания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды», делінген Ақорда хабарламасында.

Бұрын бұл қызметтерді атқарған Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев лауазымдарынан босатылды.