Қазақстан пара дзюдошысы Ерғали Шәмей 2024 жылы Парижде өтіп жатқан додада финалға өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дзюдошы 73 келіге дейінгі салмақта J1 класында өнер көрсетеді.
Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ерғали Шәмей Германия өкілі Ленарт Сассты 10:1 есебімен жеңді.
Бұған дейін Франциядағы пара дзюдодан өткен жарыстың ширек финалында Шәмей жергілікті спортшы Арминдо Родригесті сенімді түрде жеңген болатын.
Айта кетейік, 5 қыркүйек күні дзюдошы Ақмарал Науытбек ел қоржынына алтын медаль салған еді.