• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 06 Қыркүйек, 2024

SFO мен Dechert заңгерлік фирмасына қарсы сот процесінде ENRC түпкілікті жеңіске жетті

79 рет
көрсетілді

Англия мен Уэльстің апелляциялық соты Жоғары соттың SFO мен Dechert-ке қатысты шығарған шешімі заңды екенін қуаттады.

2024 жылы 5 қыркүйекте Eurasian Resources Group-тің еншілес компаниясы Eurasian Natural Resources Corporation Limited (ENRC), Ұлыбританияның экономикалық қылмысқа қарсы күрес қызметі (Serious Fraud Office – SFO) мен Dechert заңгерлік фирмасы және оның бұрынғы серіктесі Нил Джеррардқа қарсы ұзаққа созылған сот процесінде тағы бір мәрте жеңіске жетті. Осы аптада Англия мен Уэльстің апелляциялық соты Жоғары соттың SFO және жетекші халықаралық Dechert заңгерлік фирмасының лауазымды қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеті мен SFO-ның ENRC-ге қатысты заңсыз қылмыстық тергеу бастауына қатысты шығарған шешімін заңды деп тапты.

Жоғары соттың 2022 жылғы мамырдағы шешімі (1 кезең).

2022 жылдың мамыр айында Жоғары соттың судьясы Ваксман Біріккен корольдіктің сот тәжірибесінде бұрын-соңды болмаған шешім шығарды. Ол Dechert заңгерлік фирмасының серіктесі Нил Джеррард пен SFO-ның жоғары лауазымды тұлғаларының әрекетін «өрескел» әрі «ақылға сыймайтын» заңбұзушылықтар деп атады.

Сот үкімінде SFO-ның бұрынғы лауазымды тұлғалалары, соның ішінде бұрынғы директоры Ричард Олдермен де ENRC-ге қатысты «арам ниетпен» әрекет етті делінген. Dechert заңгерлік фирмасының серіктесі Нил Джеррард саналы түрде әрі бірнеше мәрте қатарынан заң талаптарын бұзып, өзінің клиенті – ENRC-ге қарсы «өрескел» әрекеттер жасап, өз міндеттерін аяқасты етіп, оның мүддесіне қарсы әрекет еткен. Одан бөлек, ол адвокат құпиясымен қорғалған конфиденциалды ақпараттың жарияланып кетуін ұйымдастырып отырған. ENRC-ге жүйелі түрде қате заңгерлік кеңестер бере отырып, Dechert компаниясы ұсынған көрсетілетін қызмет көлемін ұлғайта беруге тырысқан. Судья Ваксман Dechert фирмасының SFO-мен әрекеттестігіне қатысты ұстанымын қатаң сынға алды. Соттың анықтауынша қасқана жалған мәлімдемелер мен ұсыныстар халықаралық заңгерлік фирманың біліксіздігінен емес, жеке мүддені қорғап, соның ішінде төлемақыны ұлғайту үшін саналы түрде жасалған. Оған қоса, Джеррард мырза SFO-ның қос куәгері, соның ішінде бұрынғы SFO директорының міндетін атқарушы Марк Томпсонмен бірлесіп, ант бере отырып, жасалған заңбұзушылықты жасыру үшін жалған куәлік берген.

Судья ENRC ісіндегі шешуші аргумент SFO сансыз жасырын әрі «құпия» кездесулерде Джеррардты саналы түрде итермелеп, заңға қайшы әреттерін ынталандырып отырғанын қабыл алды. Судья британ ведомствосының қызметкерлері Джеррад мырзаның ENRC алдындағы міндеттемелерін бұзуын «ынталандыра отыра», SFO қызметкерлері «арам ниетті портунизм»-ді басшылыққа алған, деп түйіндеді. SFO осындай әрекеттестік барын, Джеррад мырза мен өз қызметкерлерінің заңсыз байланыстары барын ENRC-ден жасырған.

Жоғары соттың 2023 жылдың желтоқсан айындағы шешімі және ENRC-ге қатысты қылмыстық тергеудің тоқтатылуы.

Жоғары соттың екінші шешімі 2023 жылдың желтоқсан айында шықты. Онда ENRC-дің (1 кезең 1А) шағымын одан ары қарастыру барысында егер SFO мен Dechert тарапынан заң өрескел бұзылмаған жағдайда, компанияға қатысты тергеу басталмауы тиіс екені анықталған. Осылайша, Жоғары сот ENRC ісіне қатысты қылмыстық тергеуді бастаудың өзін заңсыз деп таныды.

2023 жылы тамыздың 24-і күні SFO ENRC ісіне қатысты басталып, он жылдан астам уақыт бойынша тергеліп келе жатқан істі ешбір айып тақпастан тоқтататынын хабарлаған болатын.

SFO, Dechert пен Нил Джеррардтың апелляциялық шағымдары қанағаттандырылмады.

2024 жылдың сәуір айында SFO, Dechert пен Нил Джеррард жоғарыда айтылған сот шешіміне шағымданды. Алайда, Апелляциялық сот шағымды қанағаттандырудан бас тартты.

Лорд-судья Мэйлс жауапкерлер апелляцияға ұсынған негіздеме сот барысында Жоғары сот судьясы анықтаған фактілерді қайта ақтау критерийлеріне сай келмейтінін көрсетіп, қаулы шығарды.

Осылайша апелляциялық сот судья Ваксман шығарған шешімді өзгеріссіз қалдырды. Бұл ENRC талаптары заңды екенін тағы бір мәрте растап, сол себептен SFO мен Dechert-тен ENRC шығындарын өндіріп алу керек екенін қолдады. Апелляциялық сот заңды күшіне енді әрі түпкі шешім саналады. Яғни аталған істі қайта қарауға болмайды.

Процесс жалғасып жатыр (2 кезең).

Жоғары соттағы келесі кезеңде 2013 жылы басталған қылмыстық тергеуге байланысты компанияның жұмсауына тура келген қосымша шығындарды өтеп алу мәселелері қаралады. Атап айтқанда, SFO мен Dechert-тің заңсыз әрекеті салдарынан компанияның сотқа жұмсауына тура келген шығындарды, несие алу үшін жұмсалған артық шығындар мен өзге де экономикалық шығындарды өндіріп беруді талап етіп отыр.

Компания сотта әділдікке жетіп, үшінші тараптардың заңға қайшы әреттерінен өзінің құқын қорғауды жалғастыра береді.