6 қыркүйек Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің төртінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7:00-де 11 команда Ақмола облысының Жалтыр елді-мекенінің маңынан жорықты бастап, Ақмола облысының аумағындағы Тоғанас ауылында аяқтады.
Жалпы жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды және бағыт Солтүстік Қазақстан, Ақмола облысы және Астана қаласын қамтиды. Марафон ертең Астанада аяқталады.
Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің 400 шақырымын шауып өтті. Ертең командалар соңғы бесінші кезеңді бастайды, Тоғанас ауылы маңынан атқа қонатын қатысушылар Астана қаласының маңынан қорытынды 100 шақырымды аяқтайды.
Төртінші кезең (100 шақырым) қорытындысы бойынша,Ресейдің Қабардин-Балқар командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысының командасы мәре сызығына екінші болып жетсе, үздік үштікті Ақтөбе облысының командасы түйіндеді. Төрт кезеңнің жалпы қорытындысы бойынша маңғыстаулықтар алда келеді.
Өкінішке қарай Қырғызстан, Ресейдің Қарашай-Шеркеш және Татарстан Республикалары, Мажарстан, Иран, Түркия Оңтүстік Африка елдерінен және қатысқан командалар мен Шығыс Қазақстан облысының үздіктері тізгіндеген шабандоздардың аттары болдырып, марафон-бәйгеден шығып қалды.
Марафон-бәйгеге жұмысына 2 халықаралық және 5 еліміздің судьясы, сондай-ақ 4 халықаралық және 3 жергілікті мал дәрігері қатысып, жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығына қамқорлық жасауға үлесін қосуда.
Жоба ұйымдастырушысыҚР Ұлттық спорт қауымдастығы және Республикалық «JORYQ» ат спорт федерациясы. «Аманат» партиясы, Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрлігі, Sport Qory, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары мен Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан доданың жеңімпаздарын марапаттау 7 қыркүйекте «Қазанат» атшабар алаңында (Этно-ауыл) кешкі сағат 20:00-де өтеді.