Елордалық өрт сөндірушілер 200 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, Сарыарқа ауданында моншаның өртенуі орын алып, өрт жақын орналасқан жеке тұрғын үйге ауысқан.
Өрт жалпы ауданы 200 шаршы метр алаңда толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, - делінген ведомство хабарламасында.
Бейнекадрларда жанудың жасырын ошақтарын табу үшін жасалатын төбе жабынын ашу бойынша жұмыс жүргізілуде.