• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Қыркүйек, 2024

Елімізде жаңа мемлекеттік компания құрылды

139 рет
көрсетілді

Қазақстанда «Теңіз жасағы» акционерлік қоғамы құрылды. Үкімет тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Жарғылық капиталына мемлекет 100 пайыз қатысатын «Теңіз жасағы» акционерлік қоғамын  құру», делінген құжатта.

Айта кетейік, кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты - мұнай төгілуін жою бойынша жедел іс-шараларды жүзеге асыру.

Серіктестіктің жарғылық капиталы республикалық меншіктен қалыптасады. «Теңіз жасағы» АҚ-ның болжамды құны 187 миллион теңгеден асады.