Маңғыстау облысындағы Ақтау-Мұнайлы тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам өртеніп кеткен. Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жүр, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлағандай, қайғылы оқиға кеше, 8 қыркүйекте болған.
«8 қыркүйекте сағат 15:35-те 112 пультіне жол апаты туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай, Mitsubishi Montero жеңіл автокөлігі мен Камаз бетпе-бет соқтығысқан. Жол апаты салдарынан екі көлік толығымен өртеніп кеткен. Облыстық ТЖД қызметкерлері өртті 16:19-да сөндірді», делінген министрлік хабарламасында.
Ведомство өкілдері нақтылағандай, оқиға орнынан үш адамның денесі табылды.
«Өрт сөндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін Mitsubishi көлігінде үш адамның күйген денесі табылды. Екінші көліктің жолаушылары туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнына жеті адам және екі арнайы техника жұмылдырылған», деп түсіндірді ТЖМ.