• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 10 Қыркүйек, 2024

Сербия тәжірибе алмасуға ықыласты

94 рет
көрсетілді

Белградта Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан – Сербия үкіметаралық комиссиясының III отырысы өтті. Қазақстан делегациясын Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин басқарды.

Отырыс барысында серб тарапы 2027 жылғы 15 мамыр мен 15 тамыз аралығында Сербия астанасында өтетін Expo 2027 Belgrade халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу туралы айтты.

Өз кезегінде «QazExpo­Congress» ҰК» АҚ бас­қар­ма төрағасы Дияс Әзбергенов Expo 2017 Astana көрмесі туралы айтып, қатысушыларды көрме кешенінің ағымдағы мәртебесімен таныстырды.

«EXPO көрме кешенінің аумағы – бұл ұлттық және халық­аралық ұйымдардың табыс­ты қызметі үшін бірегей экожүйе қалыптастырылған іскерлік орта­лық. Бүгінгі таңда кешен 100% толық. Ұйымдардың саны 150-ден асады, резиденттердің жалпы саны 15 мың адамды құрайды», деп атап өтті Д. Әзбергенов.

EXPO алаңының іскерлік бөлігі жалпы ауданы 530 мың м²-ден асатын 15 ғимараттан тұрады. Ғимараттарда «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі және Astana IT University сияқты ұйымдар орналасқан. Сондай-ақ Цифрлық үкімет офисі, Қаржылық мониторинг агенттігі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі жұмыс істейді. Бұдан бөлек аумақта Конгресс орталығы, EXPO халық­аралық көрме орталығы, Болашақ энергиясы мұражайы сияқты маңызды нысандар да бар.

Д.Әзбергенов сөзін қорытын­дылай келе, «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы көрмелерді өткізу және оған қатысу тәжіри­бесімен алмасу, сондай-ақ оны көрмеден кейінгі пайдалануға қатысты ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

Сонымен қатар кездесу аясында тараптар Сербия мен Қазақ­станда өткізілетін түрлі көрмелер мәселесін тал­қылады, олар екі елдің компа­нияларына өздерін серб және қазақстандық нарықтарда көр­сетуге септігін тигізетінін атап өтті. Мұндай іс-шаралар екі елдің экономикасын әлем­дік экономикалық және сау­да ағындарына неғұрлым тығыз байланыстыру үшін ком­пания­лардың экспорттық және ин­вес­тициялық көрсет­кіштерін күшейтуге мүмкіндік береді.

 

«QazExpo­Congress» ҰК» АҚ Маркетинг және PR департаменті