• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
«Таза Қазақстан» 10 Қыркүйек, 2024

«Таза Қазақстан»: Қарағанды облысының жастары экоакцияда белсенділік танытты

141 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдап, іс-шараға белсенді түрде атсалысып жатыр. Оныншы қыркүйекте Саран жастары бөгеттің жанындағы су қоймасының жағалауын қоқыстан тазартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Жастар таза Қазақстан үшін!» экоакциясына 100 қала тұрғыны қатысты.

«Биыл біздің сүйікті қаламызға 70 жыл толады. Біз, жастар, Саранды одан да таза және әдемі еткіміз келеді. Қала мен елдің болашағы үшін жауапкершілікті өз мойнымызға алуға дайынбыз. Біз үнемі экоакцияларға қатысамыз. Жаз бойы «Жасыл ел» еңбек жасақтары жұмыс істеді. Барша тұрғындарды қоршаған ортаның тазалығын сақтауға немқұрайды қарамауға шақырамыз. Болашақта экологияның жақсы болуы өзімізге байланысты», дейді Саран Жастар ресурстық орталығының басшысы Сәнді Ақанова.

Сәуір айының басында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық акциясын ел азаматтары бір ауыздан қолдады. Осылайша, Саранда бұл іс-шараға 360 ұжым, 12 мыңнан астам тұрғын қатысты. 14 мың тонна қалдық шығарылды. Саябақтар мен гүлзарлар қоқыстан тазартылды, түрлі ағаштардың 3 мыңнан астам көшеттері егілді, тарихи және мәдени ескерткіштердің маңы жиналды.

Аймақта экологиялық акциялар одан әрі жалғасады. Міндет – облыстың әр бұрышын қамту, қалалар мен ауылдарды таза ұстау.