• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Қыркүйек, 2024

Алматы облысында екі ауылдың атауы өзгерді

171 рет
көрсетілді

Алматы облысында Казцик және Комсомол ауылдарына жаңа атаулар берілді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Казцик ауылына қазақ театр педагогикасының негізін салушы Асқар Тоқпановтың есімі берілді.

Осының құрметіне елді мекенде салтанатты іс-шара өтті. Жиынға қатысқан тұрғындар бұл шешімді бірауыздан қолдады. 

Ал Комсомол ауылы енді Жайнақ деп аталады.

Бұған дейін Алматы облысындағы ауылдық округтер мен ауылдардың атауы өзгертілген еді:

Энергетикалық ауылдық округі - Өтеген батыр ауылдық округіне; Энергетикалық ауылдық округінің Покровка ауылы - Кенен Әзірбаев ауылына; Чапаев ауылдық округі мен Чапаево ауылы - Байкент ауылдық округіне және Байкент ауылына; Междуреченск ауылдық округі және Междуреченск ауылы – Ақсай ауылдық округіне және Ақсай ауылына өзгертілді.