• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Тағайындау 10 Қыркүйек, 2024

«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС ұжымына жаңа бас директор тағайындалды

84 рет
көрсетілді

Бүгін Атырауда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС (KPI) ұжымына жаңа бас директор Дамир Әшімовті таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомстовның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, Дамир Әшімов «ҚазМұнайГаз» жүйесінде 15 жылдан аса уақыт жұмыс істеп келген. Ол еңбек жолын «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-де технологиялық қондырғылар операторы болып бастаған. ҚМГ орталық аппаратында мұнай өңдеу және мұнай химиясы департаментінде түрлі лауазымда болған. 2018 жылдан бастап «KPI» ЖШС-де басшылық қызметтерді, соңғы уақытта кәсіпорынның өндіріс жөніндегі директоры — бас инженері қызметін атқарған.ҚМГ басшысы зауыттың бұрынғы бас директоры Данияр Тиесовке қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін алғашқы интеграцияланған газ химия кешенін — KPI салуға және іске қосуға қосқан үлесі үшін ризашылығын білдірді.«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов KPI озық технологиялық жабдықтар орнатылған еліміздің өнеркәсіптік кешендерінің бірі екенін атап өтіп, KPI-дің жаңа басшысына кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және энергия сенімділігін арттыру бойынша бірқатар міндет жүктеді.Сонымен қатар жиын барысында елдің ішкі сұранысын қамтамасыз ету мақсатында отандық полипропилен өңдеуші компаниялармен тұрақты әрі тиімді өзара іс-қимылды жалғастырудың қажетіне назар аударылды.